RU

Ақтау Қырымды ығыстырып, ресейліктердің сүйікті демалыс орнына айналмақ

Түркия, Грузия, Болгария, Греция, Черногория, Кипрде екі адам 50 рубльге демала алады. Ал Ақтаудағы демалыс ресейліктерге сәл қымбатқа түседі деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақтау Қрымды ығыстырып, ресейліктердің сүйікті демалыс орнына айналды
Көрнекі сурет: booking.com: Facebook

Aviasales іздеу жүйесінің сарапшылары теңіз жағалауындағы қалаларға ұшу мен бір апталық демалысты есептеп шығарған.

Қырымда демалудың минималды құны - 53 356 рубль құраған.

Түркияға сапар әлдеқайда арзанға түсуі мүмкін. Мысалы, Мәскеуден Антальяға ұшу 22 382 рубль, ал қонақүй - 9510 рубль құрайды.

Екінші орында - Грузия. Қара теңіз жағалауындағы демалу 36 798 рубльге шығады.

Грецияның Салониктерінде 44 788 рубль, бұл Қырымнан 16% үнемді екен.

Черногорияда 45127 рубльге күнге қыздырынып қайтуға болады. Ал Кипрде 11% үнемдейді екенсіз.

Қырымға баламалық демалыс орындар рейтингін Ақтау қаласы аяқтайды.

Мұнда екі адамдық демалыс 50267 рубль құрайды. Осылайша саяхатшылар 6% ақшасын үнемдейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801169-aktau-krymdy-ygystyryp-resejlikterdi-sjikti-demalys-ornyna-ajnalmak.html