RU

Танымал сықақшы Көпен Әмірбек 65 жасында ұл таптырғанын айтты

Танымал қазақ сатиригі Көпен Әмірбек өзінің 65 жасында ұлды болғанын айтты. Бұл туралы ол «Хабар» арнасындағы бағдарламалардың бірінде мәлімдеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

gtyff
Көпен Әмірбек. Фото: juldyz.kz: Facebook
«65 жасқа келгенде ұлды болдым. Есімім Жұбаныш деп қойдым. Көпшілік Жұбаныш Жексенұлының атын беріпсің деп жатады.
Менің баламның аты – Қуаныш, қызымның аты – Сағыныш. Енді осындай жасқа келгенде жұбанайыншы, құдай берді ғой деп сәбидің есімін Жұбаныш қойдым», - дейді сықақшы.

«Ауылдағы туған інім осыдан кейінгі балалардың атынан «сұраныс», «өтініш», «тапсырыс» деп қой дейді», - деп қалжыңдады сатирик.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801180-tanymal-sykaksy-kpen-mirbek-65-zasynda-l-taptyrganyn-ajtty.html