RU
"Бір дүкенім де жоқ": Бесбаев тойдың арқасында күн көріп жатқанын жайып салды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Бір дүкенім де жоқ": Бесбаев тойдың арқасында күн көріп жатқанын жайып салды

Рассказать Вконтакте

Мейрамбек Бесбаев өзінің негізгі табыс көзі туралы бар шындықты айтты. Бүгінде ол тек қана той-томалақтардың арқасында күнін көріп отырғанын жасырмады. Әнші байығысы келіп, бірнеше мәрте кәсіп ашуға бекінгенімен, ісін орта жолда тастап кете берген деп жазады "Ережесіз әңгімеге" сілтеем жасаған KAZ.NUR.KZ.

"МузАрт" мүшесі жеке кәсібін іске асыруына қандай жайттар кедергі болғанын ашық айтты.

"Телеарна ашуды баяғыда армандағанмын. Оның да құжаттары өте көп. Ортасын келген кезде шаршағанмын. Музыкалық радио да ашқым келді. Оның атын"Аспан" дедік. Неше түрлі ат қойып армандадық. Радионы да аша алмай қойдым. Мен сияқтыларға ашуға болмайды екен. Кедергісі көп.
Сосын жарты жолға келгенде қоясың ғой, өзіңде. Байығым келіп, бизнесті де жасағым келді. Оны да істей алмадым. Құжаттар мен таныстар. Бәрі қашан бітеді деп тозып кеттім. Сенесіңдер ма, 89 жылдан бері бір дүкенім де жоқ. Тойға барсақ, елдер соны да көре алмай жатады. Сол тоймен ғана күн көріп жатырмыз ғой" , - деді Мейрамбек Бесбаев.
Айта кетейік, бұған дейін Мейрамбек Бесбаев жарының қай қасиетіне ғашық екенін жазған болатынбыз.
Сіздің реакцияңыз
2
1
2
2
1
18
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel