RU

Арыстағы жарылыс: Тұрғындар қаладан шұғыл түрде эвакуациялануда

Арыс әскери бөлімінде болған бірнеше жарылыстан соң жергілікті тұрғындар қаладан эвакуациялануда деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Жарылыс бүгін таңертең оқ-дәрі қоймаларында болды.

Қазіргі уақытта қала тұрғындары шұғыл түрде эвакуациялануда.

Тұрғындардың бірінші бөлігіне 40 автобус жолға шыққан. Тұрғындар үшін 15 эвакуациялық пункт ашылды, оған жақын арада адамдар жеткізіледі.

Эвакуациялаумен ТЖД, Түркістан облысы және Шымкент әкімдігі айналысуда.

Сондай-ақ 8 (7252) 44-34-72 нөмірі бойынша тұрғындарды көшіру туралы ақпаратты білуге болады.

Айта кетейік, бүгін Арыс қаласының маңындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыстар орын алды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1801204-arystagy-zarylys-trgyndar-kaladan-sgyl-trde-evakuacialanuda.html