Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстағы жарылыс: Ауруханадағы адамдар да көшіріліп жатыр

Опубликовано:

Анықталғандай, Арыстың аудандық ауруханасында пациенттерді эвакуациялау басталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде ақпарат расталды. Әзірге жарысылыс салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, адамдардың көбі үйлерін тастап, кетіп бара жатыр.

"Біз орталықта тұрамыз, бәрін тастап, алқапқа қарай жүгірдік. Сосын барлығының кетіп бара жатқанын естіп, көлікке отырып кеттік. Адамдар бір-біріне көмектесіп жатыр. Көлігіне адамдарды тегін мінгестіріп, Арыстан әкетіп бара жатқан ер адамды көрдім", - дейді Арыс қаласының тұрғыны.

Естеріңізге сала кетейік, жарылыс Түркістан обылысының әскери бөлігінде болды. Қазіргі уақытта өрт сөндіру және эвакуациялық жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан бөлек, зардап шеккендер туралы ақпарат анықталуда. Желіде оқиға орнынан видео пайда болды.

Қала тұрғындары жаппай үйлерін тастап, Түркістан мен Шымкентке жол тартуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1801205-arystagy-zarylys-auruhanadan-adamdar-evakuacialanuda/

pixel