Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрлігі: Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер жоқ

Опубликовано:

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Арыс қаласының әскери бөліміндегі жарылыс туралы мәлімдеме жасады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қорғаныс министрлігі: Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер жоқ
Фото: sputniknews.kz: Facebook
«24 маусым күні Түркістан облысының Арыс елді мекеніне жақын жерден өрт тұтанып,  әскери құралдардың жарылуына әкеп соқты. Қазіргі таңда зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда», - делінген ресми мәліметте.

Министрлік тарапынан оқиға орнына арнайы комиссия жөнелтілді. Ресми мәліметке сүйенсек, Қарулы күштердің жеке құрамы апатты жою және салдарын азайту бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Еске сала кетейік, бүгін таңғы 09:20 әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды. Жарылыс қала тұрғындарын дүрліктіріп, зәресі ұшқан тұрғындар, жаппай қаладан кете бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1801207-korganys-ministrligi-arystagy-zarylystan-zardap-sekkender-zok/

pixel