RU

Сапарбаев оралмандарға баспана берілу қажеттігін айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев елімізде оралмандарды Қазақстанға қайтару үшін қалай ынталандыратынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos
"Қазақстаннан тыс жерлерде біздің 3 млн-нан астам отандасымыз тұрады. Мемлекет этникалық қазақтарды тарихи отанына көшуге қалай ынталандыратын болады? Қандай қолдау шаралары қарастырылған", - деді Бибігүл есімді Қазақстан тұрғыны.
"Біріншіден, біздің отандастарымызға Қазақстанның кез келген өңірінде өмір сүруге мүмкіндік беріледі. Екінші-көшкен кезде жәрдемақы төленеді, менің ойымша, отбасы мүшесіне 8 мың теңгеге жуық беріледі. Егер тұрғылықты жеріне байланысты, қала немесе ауылда, бірден пәтер немесе тұрғын үй ұсынылмаса, 12 ай бойы 30-дан 70 мың теңгеге дейін төленеді", - деді министр.

Сапарбаев - Қазақстанда оралмандар үшін Оңалту орталықтары мен жатақханалар қайта ашылатынын түртіп өтті.

"Қазір біз барлығын бұрынғыдай қалыпқа келтіруге тырысып жатырмыз. 10 жыл бұрын бізде оралмандарға арналған бейімдеу орталықтары мен жатақханалар болған. Өкінішке қарай, олардың қайда кеткенін білмеймін, бірақ онымен айналысу керек", -деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801211-saparbaev-oralmandarga-baspana-berilu-kazettigin-ajtty.html