RU
Тылсым құбылыс: Әткеншек тепкен елес жұрттың үрейін ұшырды

Тылсым құбылыс: Әткеншек тепкен елес жұрттың үрейін ұшырды

Рассказать Вконтакте

Чилидің Сантьяго қаласының тұрғыны Патрицио Аранцибиа Толоза тұрғын үйлердің бірінде күзетші болып қызмет атқарады. Өзінің кезекшілігі кезінде далада тұрған бейнекамералардан өз-өздігінен қозғалған әткеншекті көріп, зәресі қашқан деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Күзетші Патрицио кадрдан әткеншектердің теңселіп тұрғанын, ал кейін мүлде бар күшімен тербелгенін көрген.

Ал екінші әткеншек бұл уақытта мүлде қозғалыссыз тұрған. Сол себепті мұны желдің салдарынан орын алған жайт деп қарастыруға келмейді.

Бұдан бөлек, Патрицио әткеншектің жанында жүрген көлеңкесін көріпті. Аталған видео желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік бұл балаларға арналған ойын алаңына келген елес деп отыр.

Мұндай бейнероликтерді қолдан жасауды тәсілін білетін адамдардың сөзінше, бұл шынайы құбылыс екен.

Сіздің реакцияңыз
1
9
3
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel