RU

Президент журналистердің кәсіби мерекесін бекітуге тапсырма берді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке журналистердің кәсіби мерекесін бекітуге тапсырма берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Бұл туралы мелмекет басшысы өзінің Twitter парақшасында мәлімдеді.

"Үкіметке арнайы қаулымен Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін бекіту жөнінде тапсырма бердім. Бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ" , - деп жазды президент.

Айта кетейік, бұған дейін 2011 жылдың 20 қазанындағы президент жарлығына сәйкес байланыс және ақпарат қызметкерлері күні 28 маусымда тойланып келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801224-tokaev-zurnalisterdi-ksibi-merekesin-bekitudi-tapsyrdy.html