RU

Арыстағы жарылыс: Арнайы медициналық штаб құрылды

Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданында арнайы медициналық штаб құрылды. Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: куәгерлер видеосынан кадр
Фото: куәгерлер видеосынан кадр: Facebook

Бекеттегі жарылысқа байланысты Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан және облыстық клиникалық ауруханасында 200-ден астам науқасқа арналған орын дайындалды.

Шымкент қаласына кірер үш жолға 30 жедел жәрдем көліктері қойылды. Қажет болған жағдайда тағы бірнеше аудандардан алдырылған қосымша жедел жәрдем көліктері де бар.

Медициналық штаб құрамына облыстық клиникалық аурухананың травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлері кірді.

Әзірге жарақат алған адамдар жайлы ақпарат жоқ. Қала бойынша эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Арыс қалалық орталық ауруханасынан науқастар да қауіпсіз жерге көшірілген.

Еске сала кетейік, бүгін, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды. Жарылыс қала тұрғындарын дүрліктіріп, зәресі ұшқан тұрғындар жаппай қаладан кете бастады.

Қорғаныс министрлігі зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс, ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801232-arystagy-zarylys-arnajy-medicinalyk-stab-kryldy.html