Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысының әкімі халықты сабыр сақтауға шақырды

Опубликовано:

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тұрғындарды сабырлы болуға шақырды. Облыс өкімі қалада толық эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Арыстағы жарылыс: Түркістан облысының әкімі сабыр сақтауға шақырды
Фото:sputniknews.kz/zhasalash.kz: Facebook
"Аудан әкімдеріне тұрғындарды эвакуациялауға жағдай жасау жөнінде тапсырма берілді. Олар сол мәселені шешеді. Барлық аудандар жұмысқа атсалысуда. Барлық бағытта колонналар жүріп, адамдарды жинайды. Аудан әкімдері тұрғындарды орналастырумен айналысады", - деді Шөкеев.

Айта кететін жайт, Арыс қаласының жұртшылығына көмектесуге Шымкенттен адамдар аттанған. Қала тұрғындары өздерімен бірге су мен азық-түлік апара жатыр.

Еске сала кетейік, бүгін, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды.

Бұл жағдай қала тұрғындарын дүрліктіріп, зәресі ұшқан тұрғындар жаппай қаладан кете бастады.

Қорғаныс министрлігі зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс, ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырды.

Орын алған төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданында арнайы медициналық штаб құрылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801233-arystagy-zarylys-trkistan-oblysyny-kimi-sabyr-saktauga-sakyrdy/

pixel