RU

Арыстағы өртті Бөген қоймасындағы сумен сөндіре ме?

Желіде Арыстағы өртті сөндіру үшін Бөген су қоймасын төменге қарай ағызып жібереді деген ақпарат тарады деп хабарлайды Оtyrar.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/saken.kalkamanov
Фото: facebook.com/saken.kalkamanov: Depositphotos

Шымкент қаласының төтенше жағдайлар комитетінің мамандары аталған хабарламаның шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Ведомствоның мәліметінше, тиісті шешімді Түркістан облысы әкімі қабылдауы тиіс. Бұл жағдайдың алдағы уақытта қалай өрбитіндігіне байланысты болады.

Мамандар қазіргі уақытта суды жіберу туралы нұсқаулар түспегенін алға тартты.

Түркістан облысы әкімінің көмекшісі аталған жағдай бақылауда екенін жеткізді.

"Қазіргі уақытта Арыс маңындағы Бөген су қоймасының бұзылу қауіптілігі жоқ", - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадрақов Бөген су қоймасына барып, үрейлі әңгімелерден дүрліккен халық үшін арнайы видео түсірді. Шенеунік су қоймасының бұзылу қаупі жоқ екенін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды.

Бұл жағдай қала тұрғындарын дүрліктіріп, зәресі ұшқан тұрғындар жаппай қаладан кете бастады.

Қорғаныс министрлігі зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс, ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырды.

Орын алған төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданында арнайы медициналық штаб құрылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801238-arystagy-rtti-bgen-su-kojmasyndagy-sumen-sndire-me.html