RU

Арыстағы жарылыс: Шымкенттегі ауруханаға зардап шеккен 10-ға жуық адам жүгінген

Шымкенттегі аурухана Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерді қабылдай бастады. KAZ.NUR.KZ тілшісі Шымкенттегі жедел медициналық жәрдем ауруханасының бас дәрігерімен тілдесіп, көмек үшін ауруханаға неше адам жүгінгенін анықтап қайтты.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Әңгіме барысында бас дәрігер медициналық көмек үшін ауруханаға онға жуық адам жүгінгенін жеткізді.

"Көбіне ашық сынықтар мен ұшқан сынықтардан алынған жарақаттар. Қазіргі таңда, үш адам ауыр жағдайда жатыр. Біз қолымыздан келгеннін бәрін жасап жатырмыз. Біз зардап шеккендерді қабылдауға дайынбыз. Бастысы, сабырлы болу" , - дейді бас дәрігер Абылай Донбай.

Қазіргі таңда, ауруханада жарылыстан зардап шеккендерді қабылдайтын кәсіби мамандар бригадасы жұмыс істеп жатыр. Оларға қажетті көмек көрсетілуде.

Еске сала кетейік, бүгін, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймадажарылыс орын алды. Жергілікті халық зәресі ұшіп, жаппай қаладан кете бастады.

Қорғаныс министрлігі төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс, ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкімінежарылыс зардаптарын жоюды тапсырды.

Оған қоса, жарасқа орай Арыс қаласында арнайы медициналық штаб құрылды. Ал өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев халықты сабыр сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801247-arystagy-zarylys-symkenttegi-auruhanaga-zardap-sekken-10-zuyk-adam-zgingen.html