Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрінің орынбасары Арыстағы жарылыстың нақты себебін айта алмайтынын мәлімдеді

Опубликовано:

Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев сенат кулуарында Арыс маңындағы әскери бөлімдегі қоймада болған жарылыс туралы мәлімдеме жасады. Қазір Қорғаныс министрлігінің өкілдері ТЖ орнына аттанып, арнайы комиссия құрылған. Қала тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қорғаныс министрінің орынбасары жарылыстың нақты себебін айта алмайтынын мәлімдеді
Фото: bnews.kz: Facebook
"Сіздерді алдағым келмейді. Қазір аз ғана ақпарат келіп түсті. Өкілдеріміз оқиға орнына аттанды, арнайы комиссия құрылды.
Қазір эвакуация жүргізіліп жатыр (Арыс қаласының тұрғындарының - ред.). Бұл төтенше жағдай. Әзірге нақты санын, мөлшерін айта алмаймын. Пікір білдіру қиынға соғуда", - деді ол.

Министрлік өкілі журналистердің қайғылы оқиғаның көлемі мен себептері туралы айтуда қиналды.

"Қазір өртті сөндіруде әртүрлі шаралар қолдануда. Тексеру үшін уақыт қажет. Білуімше, оқиға 9:15-те болған. Нақты не болғанын - "өрт немесе өздігінен тұтану" деп кесіп айта алмаймын.
Оқиғаның себептерін айтуға әлі ерте. Құрылған комиссия зерттеу жүргізіп, себептерін анықтайды. Бәрін анықтап, толық ақпарат береміз", - деді министрдің орынбасары.

Еске сала кетейік, бүгін, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды. Жарылыс қала тұрғындарын дүрліктіріп, зәресі ұшқан тұрғындар жаппай қаладан кете бастады.

Қорғаныс министрлігі зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Кейін белгілі болғандай Шымкент қаласының ауруханасына 10-ға жуық зардап шеккен адам дәрігерлік көмекке жүгінген.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырды.

Қорғаныс министрі оқиға орнына аттанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801254-korganys-ministrini-orynbasary-zarylysty-nakty-sebebin-ajta-almajtynyn-mlimdedi/

pixel