Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баласын көтеріп қашуда": Арыс тұрғындары адамдарды қатал болмауға шақырды (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Арыстағы жарылыстан көптеген видеолар тарауда. Кадрдан қолында баласы бар аналар мен қариялардың жаяулатып қашып бара жатқанын, олардың жаныан көліктердің тоқтамай өткенін көруге болады. Осы орайда қала тұрғындары адамдарды қиын сәтте бір-біріне қол ұшын беруге және қатал болмауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram.com - kokshevideogram
Фото: Instagram.com - kokshevideogram: Instagram

Instagram желісіндегі Kokshevideogram тобына тіркелгендер "Көлігі бар жандар өздеріңізді ғана ойламай, жолдағы адамдарды да ала кетіңіздер" деп жазды.

Кадрдан Арыстың үстін көк түтін басқанын, оқиға куәгерінің қаланы тастап қашып бара жатқандарды камераға түсіргені көрінеді.

Видеодан қолдарына баласын көтерген аналар мен қарияларды да аңғаруға болады.

Сондай-ақ қатты дыбыстың да шыққаны естіледі.

Мұны көрген желі оқырмандары "Қандай қатал адамдар", "Баласы бар аналарды да алып кетпей жатыр. Не деген масқара", "Өздерін ғана ойлаған адамдар-ай" деген пікірлерін қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801256-balasyn-kterip-kasuda-arys-trgyndardy-adamdardy-katal-bolmauga-sakyrdy/

pixel