Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстағы жарылыс: 16 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен (фото, видео)

Опубликовано:

Арыс қаласындағы төтенше жағдай орын алған аумақтан 34 адам жедел жәрдеммен тасымалданды. Анықталғандай, олар ауруханаға жатпай, қауіпсіз аумақтарға жеткізілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Шымкент қаласындағы нөмірі бірінші қалалық ауруханаға дәл қазіргі уақытқа дейін 16 адам түрлі дене жарақатымен жатқызылды. Арасында балалар да бар.

"Жансақтау бөліміне жатқызылып жатқандар да бар. Жедел медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Әзірге он алты адамға көмек берілді" , - деп хабарлайды аурухананың ресми өкілі Айжан Омарова. 

Бас дәрігері Абылай Донбайдың айтуынша, жарақатымен түскендердің үшеуінің жағдайы ауыр.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Айта кетейік, бүгін, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс орын алды. Жергілікті халық зәресі ұшіп, жаппай қаладан кете бастады.

Қорғаныс министрлігі төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс, ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырды.

Бұл жағдайға қатысты Арыс қаласында арнайы медициналық штаб құрылды.

Ал өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев халықты сабыр сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1801258-arystagy-zarylys-aumagynan-34-adam-zedel-zrdemmen-tasymaldangan-foto-video/

pixel