Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстағы жарылыс: Шымкент әкімі халықты дұға етуге шақырды

Опубликовано:

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Instagram парақшасында Арыстағы жарылысқа қатысты мәлімдеме жасап, жұртты дүрлікпей сабырлы болуға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ғабидолла Әбдірахманов, видеодан кадр
Фото: Ғабидолла Әбдірахманов, видеодан кадр: UGC
"Оқ-дәрі қоймасында өрт шықты. Біз тұрғындарды эвакуациялау үшін жедел жәрдем көлігі мен автобустарды жібердік. Қалада адамдарды қабылдайтын жатақхана дайындап жатырмыз. Барлық қызметтер толықтай дайын. Қажеттік туындаған жағдайда көмекке еріктілерді шақырамыз. Әзірге ол керек емес. Барлығыңызды сабырлық сақтап, жарылыстар тоқтасын деп дұға етулеріңізді сұраймын", - деп жазды қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1801260-arystagy-zarylys-bdirahymov-halykty-dga-etuge-sakyrdy/

pixel