Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арысқа 100-ден аса полицей жіберілді

Опубликовано:

Арыс қаласындағы төтенше жағдай белгілі болғаннан кейін оқиға орнына 100-ден аса тәртіп сақшысы жіберілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Арысқа 100 аса полицей жіберілді
Фото:NUR.KZ/видеодан скриншот: Facebook

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында хабарлады.

"Арыс қаласында тәртіпті қадағалау үшін қосымша 120 полицей жіберілді", - деп жазылды хабарламада.

Полицейлер эвакуация кезінде және одан кейін де қаладағы тәртіпті бақылайтын болады.

Еске сала кетейік, бүгін, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды.

Жарылыс қала тұрғындарын дүрліктіріп, зәресі ұшқан тұрғындар жаппай қаладан кете бастады. Тұрғындар қаладан жаяу және велосипедпен қашып жатыр.

Қорғаныс министрлігі зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Кейін белгілі болғандай Шымкент қаласының ауруханасына 16-ға жуық зардап шеккен адам дәрігерлік көмекке жүгінген.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырды.

Қорғаныс министрі оқиға орнына аттанды. Жарылыс салдарынан пойыздар уақытынан кешігіп жатыр.

Қала маңында түске жуық тағы бір күшті жарылыс болды. Оны куәгер видеоға түсіріп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801272-aryska-100-den-asa-policej-ziberildi/

pixel