RU
Сапарбаев шенеуніктерге: Егер бүгін ұстамаса, ертең міндетті түрде ұстап алады

Сапарбаев шенеуніктерге: Егер бүгін ұстамаса, ертең міндетті түрде ұстап алады

Рассказать Вконтакте

Халық алдында есеп берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмек айналасындағы былықтарға қатысты ескерту жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бердібек Сапарбаев. Фото: old.el.kz

Бердібек Сапарбаев. Фото: old.el.kz

Ақмола облысы тұрғынының айтуынша, атаулы әлеуметтік көмектің қайда жұмсалғаны жайлы ауылда чек талап етеді екен.

"Бұл қаншалықты дұрыс? Менің басқа елді мекендегі туыстарымнан олай сұрамайды", - деп сауал тастады өзін Жанна Иманалиева деп таныстырған азаматша.

Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмекті үлестіргенде министрлік тарапынан бақылау жүргізілетінін жеткізді.

"Атаулы әлеуметтік көмек мақсатты пайдаланылуы керек. Сондықтан біз оны бақылаймыз. Тиісті құжаттары болу керек. Алайда, бұл игі іс кейде сыбайлас жемқорлыққа ұласып кетеді. Кейбір азаматтар осыны пайдаланып қалғысы келеді. Тексеру жүргіздік. Кей өңірлерді қарап шықтық", - деді министр.

Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік төлемге қатысы бар мемлекеттік қызметкерлерге ескерту жасады.

"Атаулы әлеуметтік көмекті беретін, рәсімдейтіндерге айтарым, бұл сіздердің азаматтық борыштарыңыз. Егер бүгін ұстамаса, ертең міндетті түрде ұстап алады. Сондықтан, тыныш ұйықтағыларыңыз келсе, балаларыңыздың алдында қызармас үшін... Бұл ретте де өзгеріс енгіземіз.
Басты талап - еңбекпен қамту, жұмыс. Әлеуметтік келісімшарттқа тұру керек. Егер еңбекке қабілетті болсаң, еңбек етесің. Көмек төленбейді. Олай болмайды", - деді еңбек министрі.
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
0
2
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel