Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әділбек Мусин АҚШ-тағы халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды (фото)

Опубликовано:

АҚШ-та өткен жүзуден CA Dolfin Fran Crippen SMOC халықаралық турнирінің соңғы жарыс күнінде қазақстандық спортшылар тағы үш медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандық жүзгіш АҚШ-тағы халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz: Facebook

Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден топ жарды.

Ол аталған қашықтықты 23.76 секундта жүзіп өтті. Баттерфляй әдісімен 100 метрге жүзуде Мусин 52.42 секундты көрсетіп, Қазақстан рекордын жаңартты.

Ал финалдық бәсекеде күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Қазақстандық жүзгіш АҚШ-тағы халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz: Facebook

Брасс әдісімен 100 метрге жүзуден Дмитрий Баландин күміс жүлдегер атанды. Баландиннің көрсеткіші – 1.00.12. 

Әділ Қасқабай шалқалай жүзуден бесінші орынға табан тіреді. 

Айта кетелік, Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин және Әділ Қасқабай Қазақстан ҰОК бастамасымен АҚШ-та жаттығуда.

Спортшылар әйгілі маман Дэйв Салоның жетекшілігімен дайындалып жатыр. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801281-dilbek-musin-aks-tagy-halykaralyk-turnirde-altyn-medal-zeip-aldy-foto/

pixel