RU
Грузия футболшылары алаңға Ресейге қарсылық білдіретін жейде киіп шықты (фото)
Жаңалықтар Спорт

Грузия футболшылары алаңға Ресейге қарсылық білдіретін жейде киіп шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Грузияның үш клубының футболшылары ел чемпионатының 19-шы турында Ресей саясатына қарсы екенін білдіретін жейде киіп шықты деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, акцияны "Локомотив", "Рустави" және "Торпедо" командасының ойыншылары өткізген.

"Торпедо" мен "Локомотив" клубтарының футболшылары алаңға "Мен Грузияданмын, менің елімді Ресей басып алды" деген жазуы бар жейде киіп шықты.

Ал "Рустави" ұжымы наразылығын ақ жейдемен шығу арқылы білдірген.

Еске сала кетсек, Тбилисиде жаппай наразылық акциясы 20 маусымда басталған.

Бұған Грузия парламентінде православтардың халықаралық ассамблеясын ашқан ресейлік депутат-коммунист Сергея Гавриловтің сөйлеуі себеп болған.

Сіздің реакцияңыз
6
0
4
0
5
30
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel