Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Арыстағы жағдаймен танысу үшін Түркістан облысына аттанбақ

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болған оқиғамен танысу үшін Түркістан облысына ұшып шығады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр, Ақорда
Фото: видеодан кадр, Ақорда: Facebook

Бұл туралы мемлекет басшының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысымен бірге премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек және құзырлы мемлекеттік органдардың басшылары да барады.
Президент түске дейін Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыстағы жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жарылыстың себептерін анықтауды тапсырған болатын", - деді ол.

Еске сала кетейік, бүгін, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды. Жарылыс қала тұрғындарын дүрліктіріп, зәресі ұшқан тұрғындар жаппай қаладан кете бастады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырды.

Өмірзақ Шөкеев брифингте Арыстағы жарылыс кезінде бір адамның қаза болғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801331-tokaev-trkistan-oblysyna-syp-keledi/

pixel