Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ермекбаев Арыстағы жарылыс жайлы: Ешқандай радиация қаупі жоқ

Опубликовано:

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыстағы төтенше жағдайдан кейін қала аумағында радиация қаупі жоқ екендігін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚР қорғаным министрлігі
Фото: ҚР қорғаным министрлігі: Facebook

Бұл туралы министр Арыстағы жарылысқа байланысты брифинг барысында айтты.

"Аталған арсеналда ең қуатты және қауіпті авиациялық оқ-дәрілер мен бомбалар сақталмағанын ресми түрде мәлімдеймін.

Барлық оқ-дәрілер сақтық үшін далаға қарай бағытталып қойылған және негізгі соққы толқыны далаға қарай жүрді. Толқынның бір бөлігі елді мекенге әсер етіп, бірнеше баспананың шатыры мен терезесіне зақым келді.

Онда радиоактивті оқ-дәрілер мен зеңбіректер сақталмаған. Ешқандай радиация қаупі жоқ", - дейді Ермекбаев.

Оның сөзінше, Арыста бір топ сапер тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ермекбаев бұл жұмыстар аяқталған соң, қала тұрғындары өз үйлеріне орала алатынын айтты.

Ол қазіргі уақытта барлық үйлер полиция мен қарулы күштердің бақылауында екенін алға тартты.

Сондықтан мүліктер жайлы тұрғындардан уайымдамауын сұрады.

Министрдің айтуынша, ешқандай тонаушылық пен ұрлық-қарлық болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801334-ermekbaev-arystagy-zarylys-zajly-eskandaj-radiacia-kaupi-zok/

pixel