RU
Арыстағы жарылыс: Бірнеше жер асты дүмпулері тіркелген
Жаңалықтар Қоғам

Арыстағы жарылыс: Бірнеше жер асты дүмпулері тіркелген

Рассказать Вконтакте

Арыстағы жарылыс кезінде қала аумағында бірнеше жер асты дүмпулері тіркелді. Оған әскери бөлімшеде болған жарылыстар сериясы себеп болған деп хабарлайды Қазақстан ұлттық мәліметтер орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Скриншот

Скриншот

Хабарламада бүгін, 24 маусымда 09:30 бен 12:00 аралығында жер асты дүмпулерінің болғаны айтылды.

Олардың ішіндегі ең күштісі 9:37-де орын алған.

"Эпиорталықтың нүктелері: солтүстік ендіктен 42.47 градус, шығыстық ұзақтықтан 68.81 градус. Магнитуда mpv=3.5. Энергетикалық класс К=7.5", - делінген хабарламада.

Сейсмологиялық оқиғалардың сипаты Арыстағы оқ-дәрі қоймасында орны алған жарылыстарды көрсетті.

Еске сала кетейік, бүгін, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды. Жарылыс қала тұрғындарын дүрліктіріп, зәресі ұшқан тұрғындар жаппай қаладан кете бастады.

Өмірзақ Шөкеев брифингте Арыстағы жарылыс кезінде бір адамның қаза болғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар қаладағы жағдаймен жеке танысу үшін оқиға орнына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі баратыны хабарланды.

Ал Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыстағы төтенше жағдайдан кейін қала аумағында радиация қаупі жоқ екендігін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
0
29
2
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel