Выйти
RU

Арыстағы жарылыс кезінде екі адамға оқ атылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Арыста екі адам оқ жарақатын алды. Сағат 17:00-де келіп түскен ақпаратқа сәйкес, 48 адам Шымкент және Ордабасы ауруханаларына жеткізілді, одан бөлек 23 адам өздері көмек сұрап келді, ал 15 адам ауруханаға жатқызылды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: medicalmalpractice.ca

Фото: medicalmalpractice.ca

Бұл туралы Нұр-Сұлтандағы брифингте денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Біржан Оспанов мәлімдеді.

"15 адам ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде екеуі оқ тиген. Сондай - ақ екі бала балалар ауруханасына жеткізілді", - деп түсіндірді ол.

Қазір зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ - олардың жағдайы бір қалыпты екені хабарлануда.

Шымкентте 15 эвакуациялық орталық ашылды - олар мектеп және колледж ғимаратында орналасқан, онда дәрігерлер бригадасы кезекшілік етеді.

Арыс тұрғындарына көмек көрсету үшін барлығы 28 жедел жәрдем бригадасы, сондай - ақ қажет болған жағдайда Қазақстанның басқа облыстарынан бригада дайындау үшін 2 тікұшақ жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше минут бұрын Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласында болған жарылыстардың салдарынан бір адам қаза болғанын хабарлаған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Арыстағы жарылыс кезінде екі адамға оқ атылды