RU
Шымкенттік кәсіпкер Арыстағы оқиғадан зардап шеккендерге 10 млн теңге аударды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттік кәсіпкер Арыстағы оқиғадан зардап шеккендерге 10 млн теңге аударды

Рассказать Вконтакте

Арыстағы жарылыстан соң шымкенттік кәсіпкерлер зардап шегушілерге көмек ретінде 10 млн теңге аударды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Түркістан облысы, Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қалалық Атамекен Кәсіпкерлер Палатасы жанынан қаржылай көмек көрсету қоры ашылды.

Аталған қорға алғашқылардың бірі болып жергілікті кәсіпкер әрі қалалық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Қайрат Молдасейітов өз атынан 10 млн теңге аударды.

"Құрметті кәсіпкерлер! Сіздерді өңірімізде болған осындай қайғылы оқиғадан зардап шеккен отандастарымызға көмек көрсетуге шақырамын! Шет қалмай, барлықтарыңыз атсалысып көмектесуге келіңіздер!", - деп атап өтті кәсіпкер.

Еске салсақ, бүгін, 24 маусым күні таңертеңгілік уақытта Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімше қоймасында жарылыс орын алды.

Қатты жарылыстан зәресі ұшқан тұрғындар жан-жаққа бас сауғалап кетуге мәжбүр болды. Енді бірін арнайы қызмет қала сыртына эвакуациялады.

Соңғы мәлімет бойынша төтенше жағдай кезінде 31 адам зардап шекті. Оның біреуі ауыр жарақат салдарынан қайтыс болды.

Жарылыс орын ала сала мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрлігі мен Түркістан облысы басшысына әскери бөлімдегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдау жөнінде тапсырма беріп, жағдайды өз бақылауына алды.

Ал кейінірек президенттің баспасөз хатшысы Берік Құрманғали өз парақшасы арқылы Қасым-Жомарт Тоқаев орын алған оқиғамен танысу үшін Түркістан облысына жолға шыққанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
3
2
28
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel