Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Арыс тұрғындарымен кездесті (видео)

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласындағы жағдаймен жеке танысу үшін Түркістан облысына келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен кездесті.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласындағы жарылыс кезінде зардап шеккендерге барып қайтты.

"Қаланы қалпына келтіреміз. Бәрі жақсы болады, күтіңіз. Бұл төтенше жағдай, апат. Бұған не істейсің, мұндай жағдай болып тұрады. Мемлекет қаражат бөледі, көмектеседі, уайымдамаңыздар, - деді Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін президент тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жарылыс себептерін анықтауды тапсырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801365-tokaev-arys-trgyndarymen-kezdesti-video/

pixel