RU
Арыстағы жарылыс: ТЖД өртті сөндіруге кірісті

Арыстағы жарылыс: ТЖД өртті сөндіруге кірісті

Рассказать Вконтакте

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Арыстағы өртті сөндіру жұмыстары 24 маусым күні сағат 23:00-де бастау алғанын хабарлады. Өртті одан ертерек ауыздықтауға жарылыстар кедергі келтірген деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өрт сөндірушілер жеке өрт ошақтарын сөндіріп жатыр. Оқиға орнына мыңдаған өрт сөндіру қызметкерлері мен полицейлер, 160 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

Төтенше жағдай орнында ТЖ комитетінің төрағасы Владимир Беккер де бар.

ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтың сөзінше, өртті Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 375 ТЖД қызметкерлері сөндіруде.

Айта кетейік, 24 маусым күні Арыстағы жарылысқа орай болған брифинг барысында қаладағы қауіпті жағдай әлі бірнеше күнге дейін сақталатынын хабарланды.

Жарылмаған снарядтар салдарынан тағы да жарылыстар болуы мүмкін

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel