RU
Арыстағы жарылыс кезінде эмоцияға берілген әскеридің видеосы қызу талқыға түсті

Арыстағы жарылыс кезінде эмоцияға берілген әскеридің видеосы қызу талқыға түсті

Рассказать Вконтакте

Эмоцияға берілген әскери қызметкердің Арыстағы жарылыс кезінде ата-анасына жолдаған видео сәлемдемесі желіде кеңінен тарады. Сарбаз өз әрекетін түсіндіріп, апат уақытында қатты қорыққанын жеткізді деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: instagram.com/aryis_kz

Видеодан кадр: instagram.com/aryis_kz

27 жастағы Исатай Әлібаев Алматы қаласында өмірге келген. Әскери қызметкер шаңырақ көтерген. Бір қызы бар.

Оның сөзінше, алғашқы сәтте не болғанын түсінбей қалған.

Әскери қызметкер қалаға оқ жаудырып жатқандай көрінгенін айтты.

"Снарядтар ұшып жатты. Бұның барлығы да жарылды. Бізді бомбалап жатқандай көрінді. (...) Біз ғажайыптың күшімен аман қалдық. Себебі снарядтық ұшқындар екі-үш метрден атылып жатты", - деп есіне алды Истатай.

Әлібаев өзінің өмірі үшін қорқатындығын айтты. Ол ата-анасына олардың қымбат екенін тағы бір рет білдіргісі келгенін жасырмады.

Ролик дайын болған соң, Исатай өз-өзін сабырға шақырып, бойындағы үрейден арылғанын жеткізді.

Ол қауіп болғанына қарамастан, адамдарды эвакуациялауға көмектесу керек екендігін түсінген.

Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болып, салдарынан бір адам қаза болған еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырма беріп, кейін оқиға орнына өзі аттанды.

Жағдаймен жеке танысу үшін Түркістан облысына келген президент жарылыстан зардап шеккендер мен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, мемлекет тарапынан барлық көмек көрсететілетінін айтты.

Бүгін, 25 маусымда үкімет басшысы Асқар Мамин жарылыстан екі адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
22
3
3
12
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel