RU

ІІМ: Арыста тонаушылық фактісі бойынша үш адам ұсталды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысында Арыстағы жарылыс салдарынан халықты эвакуациялау кезінде үш адам тұтқындалғанын мәлімдеді. Анықталғандай, олар тонаушылық фактісі бойынша айыпталуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото:sputnik.kg
Фото:sputnik.kg: UGC
"Екі қылмыс жасаған үш адам тұтқындалды. Бір дүкен мен бір тұрғын үй тоналған , - деді ол.

Министрдің мәліметінше, жалпы қаладағы тәртіпті полицияның 75 жасағы қадағалап жүр.

Сонымен қатар қалаға кіріп және шығып жатқан автокөліктерге тексеріс жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801416-iim-arysta-tonausylyk-faktisi-bojynsa-s-adam-staldy.html