Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстағы жарылыс: 165 адам медициналық көмекке жүгінген

Опубликовано:

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Арыстағы төтенше жағдай кезінде медициналық көмекке жүгінгендердің санын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Ведомствоның мәліметінше, шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында Арыс қаласының, Ордабасы ауданының, Түркістан, Кентау және Шымкент қалаларының 22 жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылған.

Денсаулық сақтау министрлігі жақын облыстардан 16 жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылғанын жеткізді.

Олар 165 адам медициналық көмекке жүгінгенін, оның ішінде 76 адам медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілгенін, 89 пациент стационарлық емдеуге жатқызылғанын атап өтті.

Ведомстоның мәліметінше, пациенттердің ішінде 18 бала, 13 жүкті, 5 босанған әйел бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін соңғы әліметтер бойынша зардап шеккендердің саны 52 адамға жеткені хабарланған.

Оған дейін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдайдан 30-дан аса адамның ауруханаға түскенін мәлімдеген.

Бүгін, 25 маусымда үкімет басшысы Асқар Мамин жарылыстан екі адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1801417-arystagy-zarylys-165-adam-medicinalyk-kmekke-zgingen/

pixel