Выйти
RU

ІІМ: Арыста адасқан балалардың барлығы ата-аналарына тапсырылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрлігі Арыстағы жарылыс кезінде адасып қалған балалардың барлығы ата-аналарына тапсырылғанын мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Бұл туралы министр Ержан Тұрғымбаев үкімет отырысында айтты.

"Арыс қаласында жарылыс кезінде барлық балабақшалардан сәбилер эвакуацияланған болатын. Туған-туыстарында, таныстарында болған немесе адасып қалған балалардың барлығы табылып, ата-аналарына тапсырылды. Арыз-шағым жоқ", - деді ол.

Еске сала кетсек, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болып, салдарынан екі адам қаза болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырма беріп, кейін оқиға орнына өзі аттанды.

Жағдаймен жеке танысу үшін Түркістан облысына келген президент жарылыстан зардап шеккендер мен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, мемлекет тарапынан барлық көмек көрсететілетінін айтты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ІІМ: Арыста адасқан балалардың барлығы ата-аналарына тапсырылды