RU
Тұрғымбаев әскери бөлімдегі өртті неліктен сөндіре алмай жатқанын түсіндірді

Тұрғымбаев әскери бөлімдегі өртті неліктен сөндіре алмай жатқанын түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысында Арыстағы әскери бөлімдегі өртті неліктен сөндіре алмай жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: 56nv.ru

Фото: 56nv.ru

"Қазіргі уақытта снарядтардың ұшуы, жарылуы салдарынан әскери бөлім қоймаларындағы өртті сөндіру қиынға соғуда. Сол себепті қаладан 41 мың адам эвакуацияланды. 39 мың адам өз күшімен кетсе, 2815 адам эвакуацияланды.
Қалада 23 өрт сөндіру бөлімі жұмыс істейді, 19 тұрғын үйдегі және 9 шаруашылық құрылыстағы өртті, сондай-ақ бетпақ далада жанған шөптен пайда болған 14 табиғи өртті ауыздықтау мүмкін болды", - деп түйіндеді ол.

Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болып, салдарынан екі адам қаза болған еді.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырма беріп, кейін оқиға орнына өзі аттанды.

Жағдаймен жеке танысу үшін Түркістан облысына келген президент жарылыстан зардап шеккендер мен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, мемлекет тарапынан барлық көмек көрсететілетінін айтты.

Сіздің реакцияңыз
2
5
0
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel