RU
Биылғы ҰБТ-да ең жоғары балды кім алғаны белгілі болды

Биылғы ҰБТ-да ең жоғары балды кім алғаны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеудің бес күнін қорытындылап, ең жоғары 140 балды кім алғанын анықтады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

ҰБТ-да ең жоғарғы балды кім алды?

Фото: Петр Карандашов/NUR.KZ

Тестілеуге өтініш берген 74 365 түлектің 71 227-сі ҰБТ-ға қатысқан. Бұл - өтініш бергендердің 96 проценті. Оның ішінде қазақ тілінде – 56684, орыс тілінде – 14455, ағылшын тілінде 87 түлек тапсырған.

Білім департаментінің директоры Әділет Тойбаевтың сөзінше, 24 маусым күні ең жоғары 140 балл тіркелген.

"Жоғары балды Түркістан облысы Сарыағаш ауданының түлегі, "Алтын белгі" иегері Жұбай Қасымжан Әділжанұлы жинады", - дейді Әділет Тойбаев.

Оның айтуынша, бүгінгі күнге дейін ең көп таңдалып отырған пәндер қатарында физика, математика, биология жән химия пәндері бар.

Сондай-ақ ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 21 бала қатысқан. Оларға арнайы жеке аудитория беріліп, арнайы мамандар жұмыс істеген.

Сонымен қатар Тойбаев республикалық аппеляциялық комиссияға 111 өтініш түсіп, соның 63-і қанағаттандырылғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, ҰБТ-2019 нәтижелері edu.mail.kz сайтында және телеграм-ботта – edu.gov.kz bot, сонымен қатар ұлттық тестілеу орталығының сайтында – www.testcenter.kz жарияланады.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel