RU
Отандық жұлдыздар Арысқа барған Тоқаевқа тәнті болды (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Отандық жұлдыздар Арысқа барған Тоқаевқа тәнті болды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Арыста орын алған қайғылы жағдай барша қазақстандықтарды біріктірді. Отандық жұлдыздар Түркістан облысына арнайы барып, жергілікті тұрғындарға қолдау білдірген Қасым-Жомарт Тоқаевқа тәнті болды. Олар төтенше жағдайды себеп-салдарын анықтау үшін келген мемлекет басшысының әрекетін жоғары бағалаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президенттің Арысқа келуіне алғашқылардың бірі болып қуанған Гүлзира Айдарбекова болды.

Қайрат Нұртастың анасы қиын кезде халыққа демеу болған президент жайлы Instagram парақшасында арнайы жазба қалдырған.

"Мына видеоны көріп қуанып отырмын. Қайғылы сәтте президентіміздің xалықпен бірге болғаны дұрыс болған екен. Өнер адамдарына ұсыныс тастағым келіп отыр. Бізде қарап қалмайық, ортадан ақша жинап, тамақтарын, киімдерін жеткізіп, осындай xалқымыздың басына қиындық түскенде ат салысайық.
Еліміздегі бизнесімендерде қарап қалмаса екен. Тек отырып алып кінә іздеп, аузымызға келгенін жазбай, ауызбіршілігіміздің болуына ат салысайық ағайын! Сонда ғана біріккен ел боламыз. Адамдардың көбісінің кейінгі кезде ниеттері жаман болып бара жатқан сияқты, өздері титтей де болса қол ұшын созудың орнына, тек телефон арқылы жұрттан мін іздеп отыратындар көбейіп кетті.
Шамасы мүлдем келмегендер, ең болмаса дұға тілеңіздер. Алланың қаhарына ұшырап қалмайық. Бауырлары бақилық болып, үй-күйінен айрылып, ішуге ас таппай қалатын күйге жетпеуге тырысып, бейбітшілік заманымызға тәуба етейік!
Жалғыздың үні шықпас деген оймен, өнер адамдарына чат ашып, көмек қолын созуымызды бастағалы шешімге келіп отырмын. Алла бұйыртса бәрі жақсы болады, бірге болайық! Жоғалған жандарды табу үшін, біраз көмек жасауға да Қайрат екеуіміздің парақшаларымызға салатын боламыз" , - деп жазды продюсер.

Арыстағы қайғылы жағдайға қатысты басқа да отандық жұлдыздар пікір білдірді Олардың арасында Алуа Қонарова, Ерғали Әбдірайымов, Бүркіт, Абай Бегей, Бейбіт Әлібеков, Майя Бекбаева және тағы да басқа танымал тұлғалар бар. Олар зардап шеккендерге қолдау білдірді.

"Мұндай жағдай алғаш ерт болып тұрған сияқты" , - деп жазған Алуа Қонарова президенттің арыстықтармен кездескен сәтіндегі видеосын өз парақшасында жариялаған.

Қазақстандық кәсіпкер Бейбіт Әлібеков те әлеуметтік желіде Тоқаевтың Арысқа келуін жоғары бағалаған.

"Жарады. Өзінің нағыз президент екенін дәлелдеді" , - деп жазды ол.

Әнші Бүркіт те: "Президент ісімен дәлелдеп жатыр" , - деген жазба қалдырды.

Төтенше жағдайды өз көзімен көру үшін арнайы барған мемлекет басшысына қатысты Абай Бегей де пікір білдірген.

"Президент оңтүстікке сапарлап, барлық жағдай оңынан шешілетініне уәде берді. Алла күш-қуат берсін" , - деп жазды әнші.
"Арыстағы видеолар мен хабарламалар құдды соғыс алаңынан келгендей. Жоғалып кеткен балақайларды көріп, жүрегің қан жылайды. Олардың барлығы табылады деген үміттемін. Бастысы аман болсын. Тоқаевтың Арысқа ұшып шығып, төтенше жағдай орнына баруы өте маңызды шешім. Кемероводағы оқиғадан кейін ресейліктердің Путинді күткені есімде. Ол өз кезегінде, оқиға орнына орынбасарларын жіберіп еді.
Әрбір лайықты басшы мұндай қайғылы жағдай сәтінде халқымен бірге болу керек деп есептеймін. Енді әділ тергеу мен мына сұрақтардың жауабын күтетін боламыз: Бұл оқиға салғырттықтың нәтижесі ме? Ол үшін кім жазаланбақ? Мұндай жағдай қайталанбас үшін қандай шаралар қолданылмақ? Зардап шеккендерге мемлекет тарапынан толыққанды көмек болады ма? (тұрғын үй, тиісті жәрдемақы)" , - деп жазды Майя Бекбаева.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel