RU

12 жылдан бері перзент сүйе алмаған шымкенттік ана үшемді дүниеге әкелді (фото)

Шымкенте қос бірдей үшем дүниеге келді. Олардың анасы 33 жастағы Аида Баянболова мен 22 жастағы Гүлмира Қуандықова деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: Серік Қосаев
Фото: Серік Қосаев: Original

33 жастағы Аида Баянболова 12 жылдан бері перзент сүйе алмай келген. Енді Аида Айзере, Алуа, Айзия есімді үшемнің анасы.

"Мерзімінен бұрын дүниеге келген үшемнің өкпесі дұрыс дамымай туғандықтан, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Екі күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазір балалардың денсаулығы жақсы, салмақ та қосты. Анасына үшемге қалай күтім жасау қажеттігін түсіндірдік", - дейді Шымкент қалалық перинаталды орталықтың жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі Насиба Қорғанбаева.
Фото: Серік Қосаев
Фото: Серік Қосаев: Original

22 жастағы Гүлмира Қуандықова екі қыз, бір ұлды дүниеге әкелді.

Оларға үшемге Сәбина, Әлинұр, Адина деп ат қойыпты. Сәбилер ай-күніне жетпей туғанымен, ақ халаттылардың арқасында қазір жағдайлары жақсы. Жас ана перзентхана дәрігерлеріне алғысын жеткізді.

Фото: Серік Қосаев
Фото: Серік Қосаев: Original

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Инна Глазебная аналарға ыстық ықыласын жеткізіп, балаларының сау болып өсуіне тілектестік білдірді.

"Босанған ана мен нәрестелердің денсаулығы дәрігерлердің бақылауында болды. Перзентханадан шыққан соң да емхана мамандарының жіті назарында болады," - дейді дәрігер.

Шымкентте жыл басынан бері 10 мыңнан аса сәби дүние есігін ашқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801451-12-zyldan-beri-perzent-sje-almagan-symkenttik-ana-semdi-dniege-keldi-foto.html