RU

Мамин: Арысты қысқа мерзімде қалпына келтіреміз

Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин Арыстағы жағдайға қатысты ақпаратты тыңдап, қаланы аз уақытта қалпына келтіруге уәде берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Үкімет басшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен келтірілген залал көлемі анықталып, қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, үкімет Арыс қаласындағы тұрғын үйлерге әлеуметтік және тіршілікті қамтамасыз ету нысандарына келтірілген залалдарды анықтап, жұмыстың қорытындысы бойынша қажетті шешімдер қабылданып, қала қысқа мерзімде толық қалпына келтіріледі.
Үкімет тарапынан қажетті шаралар шұғыл атқарылатын болады. Осы ретте "Нұр-Отан" партиясының Арыс тұрғындарына көмек қолын созу мақсатында қаражат жинау бастамасын қолдауға шақырамын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801455-mamin-arysty-kyska-merzimde-kalpyna-keltiremiz.html