RU

ТЖД Арыстағы жарылыстан кейінгі 10 балдық жер сілкінісі жайлы қауесетті жоққа шығарды

Кешеден бері әлеуметтік желілерде тарап кеткен жойқын жер сілкінісі туралы қауесеттер елдің үрейін ұшырды. Алайда Түркістан облысының ТЖД бұл ақпаратты жоққа шығарып, халықты дүрлікпеуге шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/instagram.com/dudoser
Фото: видеодан кадр/instagram.com/dudoser: Twitter

Белгісіз біреулер Түркістан облысында он балдық жер сілкінісінің болу қаупі бар екені жайлы хабарламалар таратқан.

Төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та қала тұрғындарын дүрлікпеуге шақырды.

"Құрметті қала тұрғындары! Әлеуметтік желілерде жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратылып жатыр. Осы себепті сабырлық сақтауды сураймын. Ешқандай қауіп жоқ! Ұйқыларыңыз тыныш болсын" , - деп жазды әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801456-tzd-arystagy-zarylystan-kejingi-on-baldyk-zer-silkinisi-zajly-kauesetti-zokka-sygardy.html