Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трамп Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Опубликовано:

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, жеделхат жолдады деп хабарлайды Ақорда.

Дональд Трамп. Фото: news.sky.com
Дональд Трамп. Фото: news.sky.com: UGC

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына орай, АҚШ Президенті Дональд Трамптан құттықтау жеделхаты келіп түсті.

"Осы жылдардың ішінде екіжақты қарым-қатынастарымызда үлкен жетістіктерге қол жеткіздік, ынтымақтастық рухымыздың әрі қарай да жалғаса беретініне кәміл сенемін. Америкалық бизнестің Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бағытында жаңа мүмкіндіктер алғаны қуантады" , – деп жазды Дональд Трамп.

Ақ үй басшысы, АҚШ-тың Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық әріптестікті ілгерілету жолындағы бірлескен жұмыстарды жалғастыра беруге ниетті екенін атап өтті. 

"АҚШ Қазақстанмен мығым әріптестікті бағалайды. Орталық Азия мен жаһандық деңгейдегі ортақ мүдде аясында Сізбен және Қазақстан халқымен бірлескен жұмыстарды жалғастыра бермекпіз. Жұмысыңызға мол табыс тілеймін" , – делінген АҚШ президентінің құттықтау хатында.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1801471-tramp-tokaevty-sajlaudagy-zeisimen-kttyktady/

pixel