Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Інжір ағашының үстіне салынған төрт қабатты үй жұртшылықты таңғалдыруда (виедо)

Опубликовано:

Үндістанның Джабалпура қаласында тұратын ерлі-зайыптылар отбасы мүшелерінің көбеюіне байланысты баспаналарын ұлғайтпақ болған. Алайда олардың жерінде тұрған інжір ағашы отбасының жоспарын бұзған. Дегенмен жұбайлар еңселерін түсірмей, мәселенің шешімін тапты деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 120.su
Фото: 120.su: UGC

1994 жылы Джабалпура қаласында тұратын отбасы үйлерінің дәл жанында тұрған інжір ағашының салдарынан баспаналарын ұлғайта алмаған. Себебі аталған ағаштың 150 жылдық тарихы бар.

Әулеттің үлкендері інжір ағашын қасиетті санап, оны кесуге кеңес бермеген. Себебі мұндай ағашты кесу оңай, ал қайта өсіру қиын, тіпті, әркімнің қолынан келе бермейтін дүние.

Осылайша, інжір ағашын кеспеуді ұйғарған отбасы үйлерін оның айналасына салуды ұйғарған.

Қазіргі таңда ағаштың үстінде орналасқан төрт қабатты үй қаланың сәулет өнеріне айналғандай.

Жүргіншілер үйдің терезесінен сығалап тұрған қалың бұтаққа таңырқай да қызыға да қарайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1801473-inzir-agasyny-stine-salyngan-trt-kabatty-j-zrtsylykty-tagaldyruda-viedo/

pixel