Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыста жаңа жарылыстар болу қаупі әлі де сақталып тұр

Опубликовано:

Ішкі істер министрлігінің вице-министрі Юрий Ильин аспанға көтерілген ұшқышсыз ұшақтар Арыста жаңа жарылыстар қаупін анықтағанын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Арыста жаңа жарылыс болу қаупі сақталуда
Юрий Ильин. Фото: alashinform.kz: Depositphotos
"Қорғаныс министрлігінің ұшқышсыз ұшу құрылғылары көтерілді. Өрт орындарында әлі де бықсып жатыр. Жеке оқ-дәрінің жарылу қаупі бар.
Сондықтан қоймадағы өртті сөндіруге Қорғаныс министрлігінің арнайы брондалған техникасы қатысады", - деді Ильин тілшілерге.

Сондай-ақ ол оқиғалар желісіне тоқталды.

24 маусым күні таңғы 9 шамасында қоймаларды күзетіп жатқан бөлімше қоймалардың бірінен түтінді байқаған. Әскери бөлімшенің өрт сөндіру қызметі өрт орнына жетіп, жағдайды бағалап, жарылыс қаупі бар екенін болжаған. Сондықтан өрт сөндірумен айналысқан жеке құрамды және әскери бөлімнің жеке құрамын эвакуциялау шешімі қабылданған.

Алғашқы жарылыстар 9:15-те басталып, Арыс қаласының әкімдігі тұрғындарды эвакуациялауға бел буған. Тұрғындардың басым көпшілігі өз беттерімен қаладан кеткен, қалған бөлігі облыс және Шымкент қаласының әкімдіктері ұйымдастырған көліктермен қаладан шығарылған.

"Оқ-дәрілерге келер болсақ, бұл қоймаларда жаяу әскерге арналған әртүрлі оқ-дәрілер сақталған: артиллериялық және дүркіндетіп ату жүйесі мен рекаталық қондырғылар.
Бұл қоймаларда ешқандай радиоактивті элементтер немесе химиялық заттар болмаған. Сондықтан облыс, қала тұрғындарына қауіп (радияциялық - ред.) төніп тұрған жоқ", - деп сөзін қортындылады ол.

Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болып, салдарынан бір адам қаза болған еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырма беріп, кейін оқиға орнына өзі аттанды.

Жағдаймен жеке танысу үшін Түркістан облысына келген президент жарылыстан зардап шеккендер мен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, мемлекет тарапынан барлық көмек көрсететілетінін айтты.

Бүгін, 25 маусымда үкімет басшысы Асқар Мамин жарылыстан екі адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

Премьер-министр қаланы қысқа уақытта қалпына келтіретіндерін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1801474-arysta-zaa-zarylystar-bolu-kaupi-saktaluda/

pixel