Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі министрліктер неліктен Арыс туралы түрлі ақпарат беріп жатыр?

Опубликовано:

Бақ өкілдері ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннен Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Арыс қаласындағы төтенше жағдайлар туралы министрлер мен әкімдердің неліктен түрлі деректер ұсынып жатқанын сұрады. Журналистер жәбірленушілер саны, жоғалған балалар туралы ақпараттар бір-біріне сәйкес келмейтінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Неге біздің ведомстволарда ақпарат бірдей емес. Денсаулық сақтау министрлігі жәбірленушілер бойынша 150 адам медициналық көмекке жүгінді, олардың 89-ы ауруханаға жатқызылды деп көрсетті.

Жансақтау бөлімінде жатқандар туралы министр Біртанов - 15 адам десе, Ермекбаев - 2 адам деп айтты. Шүкеевте бұл көрсеткіштен де төмен.

Бүгін үкімет 19 өтініш болғанын, барлық балалардың табылғанын жеткізді.
Білім және ғалым министрлігі 1000 өтініш түскенін, 15 баланың әлі де табылмағанын айтты. Неге біркелкі деректер емес, органдар арасында байланыс жоқ болғаны ма", - деп журналист Диана Абдуллаева сұрағын қойды.

Ильин БАҚ өкілімен келісетінін айтты.

"Сынды қабылдай аламыз. Өкінішке орай, біздің меморгандар арасында түрлі цифрлар болып тұр", - деді ол.

Ол қазіргі уақытта ТЖК базасында жедел басқару орталығы құрылғанын айтты.

Ильиннің сөзінше, ол барлық мемлекеттік мекемелерді қамтиды, орталықта Арыс қаласындағы төтенше жағдай туралы бірыңғай деректер бар.

"Деректердің сәйкессіздігіне келер болсақ - денсаулық сақтау министрлігі жоғары қысыммен келген адамдарды, гипертониктерді есепке алған.
Біз (ІІМ) төтенше жағдайлардан зардап шеккендерді тіркейміз.Бұларға дене жарақаттары, әйнек кесіп кеткендер, күйік шалғандар жатады. Сондықтан түрлі ақпарат тарады", - деп түсіндірді ішкі істер министрінің орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801486-elimizdegi-ministrlikter-nelikten-arys-turaly-trli-akparat-berip-zatyr/

pixel