RU
2026 жылғы қысқы Олимпиада қай елде өтетіні белгілі болды

2026 жылғы қысқы Олимпиада қай елде өтетіні белгілі болды

Рассказать Вконтакте

2026 жылы өтетін ХХV қысқы Олимпиада ойындары қай елде болатыны жарияланды. Бұл туралы Швейцарияда өткен комитеттің сесиясында белгілі болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: REUTERS / DENIS BALIBOUSE

Фото: REUTERS / DENIS BALIBOUSE

Қазақстанның ұлттық Олимпиадалық комитеті 24 маусым күні Швейцарияның Лозанна қаласында Халықаралық Олимпиада комитетінің 134 сессиясы басталғанын мәлімдеді. Оның барысында 2026 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарының астанасы анықталды.

Жиынның нәтижесінде ХХV Қысқы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтетін болып шешілді. Спорттық доданы өткізетін қалаларды таңдау арнайы дауыс беру бойынша анықталған.

Сондай-ақ, аталған сессияда ХОК-тің қазіргі және келешектегі саясатына қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланады. Сессия жұмысына Қазақстан ҰОК басшысы Тимур Құлыбаев та қатысып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы Қысқы Олимпиада ойындары Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен болатын. Ал, 2022 жылы өтетін ХХІV Қысқы Олимпиада ойындарын Қазақстанның Алматы қаласымен таласқа түскен Қытай астанасы Бейжің қаласы жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel