Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

23 жастағы келіншек Арыстағы жарылыс кезінде босанып қалды

Опубликовано:

Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері Арыстағы жарылыс кезінде әйел адамды босандырып алғандарын айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

23 жастағы келіншек Арыстағы жарылыс кезінде босанды
Көрнекі сурет: pjatki.ru: Facebook

Жарылыстар басталғанда БҒМ-нің үш қызметкері ҰБТ өткізіп жатқан.

Олардың сөзінше, адамдар арасында дүрбелең басталып, көпшілік топпен брге қаша жөнелген. Қаладан шыға берісте балаларды машинамен әкетіп жатыпты.

Әйел адамдар жаяу бара жатқан, жолда жүргізушілердің бірі оларды алып кетуге ұсыныс жасаған.

Жол-жөнекей олар 23 жастағы аяғы ауыр келіншек пен акушерді отырғызып алған. Олар жарылыс салдарынан есігі ұшып кеткен ауруханадан қашып шыққан екен.

Келіншек көрші ауылда босанған. Ол қызын жүргізушінің анасының құрметіне атаған.

Осылайша ол өзін қауіпсіз жерге жеткізіп, аман-есен босануына себепші болған жүргізушіге алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1801517-23-zastagy-kelinsek-arystagy-zarylys-kezinde-bosanyp-kaldy/

pixel