RU
"Әркімнің ары біледі": Неге тұрғындар Арыстан өз беттерімен қашты?
Жаңалықтар Қоғам

"Әркімнің ары біледі": Неге тұрғындар Арыстан өз беттерімен қашты?

Рассказать Вконтакте

ІІМ орынбасары Юрий Ильинге ведомство жұмысына, эвакуация жүргізу деңгейіне баға беру туралы өтініш түсті. Себебі төтенше жағдай болған күні адамдар қаладан өз кұштерімен қашқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Әркімнің ары біледі": Неге тұрғындар Арыстан өз беттерімен қашты

Фото: Видеодан скриншот

Ильянның ақпаратынша, әскерилер өрт шыққанын 24 маусым күні таңғы 9:00 байқаған. Өртті өз беттерімен өшіруге тырысқан.

Өртті сөндіру мүмкін болмағандықтан, Түркістан облысының департаментіне 9:20 өрт туралы хабарлама түскен, ал әскери қызметкерлер мен олардың отбасылары әскери бөлімнен эвакуациялана бастаған.

"ІІМ ТЖК бөлімшесінің аудандық және ішкі бөлімінде бір ғана өрт сөндіру бөлімі бар, оның жеке құрамында 30 шақты адам бар. Алғашқы минуттарда адамдарды шығаруды ұйымдастыру мүмкін болмады.
Адамдардың өз беттерімен эвакуацияланғандығы, оның ішінде жеке меншік көліктерімен - барлық елде қолданылатын тәжірибе.
Бір ғана нәрсе, адамдар дүрлігіп кетті, барлық адамдар ұйымшылдық танытпады. Ішінде адамы жоқ көліктер адамдарды алмай өтіп кете берді. Енді мұны Арыс тұрғындарының ары біледі", - деп мәлімдеді Ильин.

Ал жергілікті атқарушы органдар тұрғындарды қаладан шығару үшін барлық көлікті жұмылдырды, сондай-ақ көрші қалалардан, соның ішінде Шымкенттен көмек алдырды. Эвакуация автобустардың көмегімен жүргізілді.

Ильин АҚШ фильмдеріндегі сюжетті мысалға келтірді. Дауыл қатері төнгенде эвакуацияға алдын ала дайындалады. Ал Арыста ондай мүмкіндік болмады.

"Бұл жағдайда күтіп, адамдарды басқа жерді паналатып, "қалада қалыңдар, сендерді алып шығамыз" деп айту дұрыс болмас еді. Сондықтан адамдар қауіпті аймақтан эвакуацияланды, соның ішінде кейбіреуі жаяу қашты", - деп қорытындылады вице-министр.

Айта кетейік, кеше Арыста бірнеше жойқын жарылыс орын алып, қала тұрғындары шаһардан жаппайкөшілірген еді.

Ішкі істер министрлігі бүгінде апаттан екі адам қайтыс болғанын мәлімдеді.

Күні кеше ғана президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа өзі барып, қала тұрғындарының жай-күйін біліп қайтқан еді. Президент зардап шеккен тұрғындарға бір күндік жалақысын аударды.

Сондай-ақ ол жойқын жарылыстан зардап шеккендерүйлерді аралаған еді.

Ал бүгін Премьер-министр Асқар Мамин жарылыстан екі адам қаза тапқанын мәлімдеді.

Жамбыл облысынан Арысқа 40 тонна азық-түлік жіберілді.

Сіздің реакцияңыз
10
0
0
5
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel