RU
Полицейлер түнімен Арыстағы үйінде қалған қарияны құтқарды (фото)

Полицейлер түнімен Арыстағы үйінде қалған қарияны құтқарды (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін Арыс қаласында полицейлер жарылыстан кейін үйінен кете алмаған қарт кісіні құтқарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Тәртіп сақшыларының айтуынша, қария жарақат алған.

Жарылыс болған күні үйінің жанына снаряд құлаған көрінеді. Қатты жарылыс күшімен баспанасының шатыры ұшып кеткен.

Өз үйінен табылған жарақаттанған ер адамға полиция қызметкерлері көмек көрсетті.

Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырма беріп, кейін оқиға орнына өзі аттанды.

Жағдаймен жеке танысу үшін Түркістан облысына келген президент жарылыстан зардап шеккендер мен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, мемлекет тарапынан барлық көмек көрсететілетінін айтты.

Сондай-ақ, президент зардап шеккен үйлерді аралап, бірқатар нақты тапсырма берген болатын.

Бүгін, 25 маусымда үкімет басшысы Асқар Мамин жарылыстан екі адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

Кейіннен Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстықтарға көмек беріп жатқан халыққа алғысын білдірсе, Тұрғымбаев өртті не себепті сөндіре алмай жатқанын түсіндірді.

Сондай-ақ, жарылыс күні Арыста ұялы байланыс неге істен шыққаны, қазіргі уақытта қаланың жағдайы қандай екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысынан Арысқа 40 тонна азық-түлік жіберілді, ал Алматыдан құрылыс материалдары тиелген жүк көліктері жөнелтіледі.

Соңғы мәліметтер бойынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс тұрғындарына өзінің бір күндік жалақысын аударды. Сондай-ақ, қалада жоғалып кеткен әскери қызметкер табылды.

Айта кететін жайт, жойқын жарылыс болған өңірде мешіттің әйнектері аман қалған.

Сіздің реакцияңыз
3
1
1
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel