RU
Ұлының тойына қалыңдық көйлегін киіп келген әйел қызу талқыға түсті

Ұлының тойына қалыңдық көйлегін киіп келген әйел қызу талқыға түсті

Рассказать Вконтакте

Американың Огайо штатының тұрғыны жазушы Эми Пеннза Twitter парақшасына екі әйелдің тойда қалыңдық көйлегін киіп түскен суретін жүктеген. Эмидің сөзінше, оның тойына болашақ енесі қалыңдық көйлегін киіп келіпті деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жазушы Эми Пеннза тойында болған қолайсыз жағдайды өзінің Twitter-дегі парақшасына жүктеген.

"Енем менің тойыма қалыңдық көйлегін киіп келді. Маған қарсы не қоя аласың Twitter?", - деп жазды ол.

Жазба 55 мың лүпіл жинап аз уақытта танымал болды. Көпшілік қалыңдықты аяп, оның енесіне түрлі теріс пікірлер жазып жатты.

Адамдар ұлы үйленген әйелдің қылығын ерсі деп таныды. Алайда желі қолданушылары оның іс-әрекетінің мәнін түсінбек болып, аруға сұрақтар жаудырта бастады.

Анықталғандай, арудың енесі жоқшылықта өмір сүрген.

Сол сәттен бастап Эми есейген күніне дейін ақшаны үнемдей бастаған. Ол өткен өміріндегі қиын-қыстау кезеңдер қайталанады деп қатты қорқады екен.

Сондықтан қалыңдық көйлегінің үлкен жеңілдікпен тұрғынын байқаған келіншек оның жанынан өтіп кете алмаған.

Эмидің айтуынша, ол енесіне мүлде өкпелемепті. Қайта оны қолы ашық, мейірімді жан деп бағалайды екен.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel