Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыста жылап видео түсірген әскери қызметкерге ер адам бір бума ақша берген

Опубликовано:

Арыста көз жасына ерік беріп, ата-анасына қоштасу видеосын жолдаған 27 жастағы Исатай Әлібаевқа қала тұрғындарының бірі бір бума ақша берген деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Скриншот: instagram.com/aryis_kz
Скриншот: instagram.com/aryis_kz: Instagram

Cарбаздың айтуынша, оған ер адам келіп, он мың теңгелік қағаз ақшаның бір бумасын берген.

Лейтенант бастапқыда әлгіндей сыйлықтан бас тартпақ болыпты. Алайда ер адам өз алғысын айтып, одан ақшаны қайтармауын сұраған. Ер адам тіпті лейтенантты құшағына да алған екен.

Сарбаздың сөзінше, ол азаматтың нақты қанша қаражат бергенін білмейтін көрінеді. Бірақ қолындағы ақша шамамен 100 мың теңге болады деп болжаған.

Әскери қызметкер барлық ақшаны Арыс тұрғындарының үйлерін қалпына келтіруге жұмсаймын деп отыр.

"Мен тек өз борышымды өтедім. Менің орнымда болған басқа адам да дәл осылай жасайтын еді", - дейді лейтенант.

Сондай-ақ ол барлық қазақстандықтардан Арыс тұрғындарына көмектесуге шақырды.

Айта кетейік, күні кеше ғана желіде Арыста өз қызметін атқарып жүрген әскери қызметкердің видеосы пайда болған еді. Онда ол қалада жойқын жарылыстар болып жатқанын мәлімдеген-ді.

Қазіргі таңда Арыста апат салдарынан екі адам қайтыс болып, 165-і медициналық көмекке мұқтаж екендіктері белгілі болды.

Оқиға орнына кеше прездиент Қасым-Жомарт Тоқаев та барған еді. Ол қала ішін аралап, тұрғындарға мемлекет барлық шығындарды өтейтінін мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801545-arysta-zylap-video-tsirgen-skeri-kyzmetkerge-er-adam-bir-buma-aksa-bergen/

pixel