RU
Саперлер Арыс көшелерін оқ-дәрілерден қалай тазартып жатыр? (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Саперлер Арыс көшелерін оқ-дәрілерден қалай тазартып жатыр? (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазіргі уақытта Арыста аумақты жарылмаған оқ-дәрілерден тазарту үшін әскери саперлердің тоғыз тобы жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: mod.gov.kz

Фото: mod.gov.kz

Бірінші кезекте оқ-дәрілер темір жолдардан және қойманың жанында орналасқан тұрғын үйлерден алынуда.

Фото: mod.gov.kz

Фото: mod.gov.kz

Фото: mod.gov.kz

Фото: mod.gov.kz

Әскери ұшқышсыз ұшатын ұшақтар тиісті аумақ пен жақын маңдағы жерлерді зерттеп, оқ-дәрілерді анықтаған жағдайда қауіп туралы хабарлайды.

Хабарланғандай, ұшқышсыз ұшақтардың арқасында дала өртін дер кезінде анықтап, сөндіру мүмкіндігі туған.

Фото: mod.gov.kz

Фото: mod.gov.kz

Оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды іздеуге иті бар кинологтар тартылды.

Фото: mod.gov.kz

Фото: mod.gov.kz

Қаланы шамамен 700 әскери қызметкер қоршады.

Фото: mod.gov.kz

Фото: mod.gov.kz

Оқиға орнында 1200 адамға арналған шатырлы лагерь ашылды.

Фото: mod.gov.kz

Фото: mod.gov.kz

Қаладағы жарылыс салдарын жоюға 1800 қызметкер мен 50 бірлік техника жұмылдырылды.

Фото: mod.gov.kz

Фото: mod.gov.kz

Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырма беріп, кейін оқиға орнына өзі аттанды.

Жағдаймен жеке танысу үшін Түркістан облысына келген президент жарылыстан зардап шеккендер мен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, мемлекет тарапынан барлық көмек көрсететілетінін айтты.

Сондай-ақ, президент зардап шеккен үйлерді аралап, бірқатар нақты тапсырма берген болатын.

Бүгін, 25 маусымда үкімет басшысы Асқар Мамин жарылыстан екі адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

Кейіннен Қасым-Жомарт Тоқаев арыстықтарға көмек беріп жатқан халыққа алғысын білдірсе, Тұрғымбаев өртті не себепті сөндіре алмай жатқанын түсіндірді.

Сондай-ақ, жарылыс күні Арыста ұялы байланыс неге істен шыққаны, қазіргі уақытта қаланың жағдайы қандай екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысынан Арысқа 40 тонна азық-түлік жіберілді, ал Алматыдан құрылыс материалдары тиелген жүк көліктері жөнелтіледі.

Соңғы мәліметтер бойынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс тұрғындарына өзінің бір күндік жалақысын аударды. Сондай-ақ, қалада жоғалып кеткен әскери қызметкер табылды.

Айта кететін жайт, жойқын жарылыс болған өңірде мешіттің әйнектері аман қалған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
4
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel