Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстағы жарылыс: Мыңдаған үйдің шатыры мен терезесіне зақым келді

Опубликовано:

ІІМ ТЖК басшысы Владимир Беккер Түркістан облысынан тікелей қосылу кезінде саперлер сағат түскі үштер шамасында Арыстан 24 снаряд пен снарядтың 104 қауіпті бөлігін тапқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: bnews.kz
Фото: bnews.kz: UGC

Табылған снарядтар мен оның бөліктері сол жерде жарылады немесе басқа жерге шығарылып, залалсыздандырылады.

"Алдын ала ақпараттар бойынша, 7 600 ғимараттың 80-90 пайызы зардап шеккен. Терезелер сынып, шатырлар бүлінген. Елеулі зақымдар бар. Комиссия шығынды бағалайтын болады", -деп түсіндірді Беккер.

Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырма беріп, кейін оқиға орнына өзі аттанды.

Жағдаймен жеке танысу үшін Түркістан облысына келген президент жарылыстан зардап шеккендер мен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, мемлекет тарапынан барлық көмек көрсететілетінін айтты.

Сондай-ақ, президент зардап шеккен үйлерді аралап, бірқатар нақты тапсырма берген болатын.

Бүгін, 25 маусымда үкімет басшысы Асқар Мамин жарылыстан екі адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

Кейіннен Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстықтарға көмек беріп жатқан халыққа алғысын білдірсе, Тұрғымбаев өртті не себепті сөндіре алмай жатқанын түсіндірді.

Сондай-ақ, жарылыс күні Арыста ұялы байланыс неге істен шыққаны, қазіргі уақытта қаланың жағдайы қандай екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысынан Арысқа 40 тонна азық-түлік жіберілді, ал Алматыдан құрылыс материалдары тиелген жүк көліктері жөнелтіледі.

Соңғы мәліметтер бойынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс тұрғындарына өзінің бір күндік жалақысын аударды. Сондай-ақ, қалада жоғалып кеткен әскери қызметкер табылды.

Айта кететін жайт, жойқын жарылыс болған өңірде мешіттің әйнектері аман қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1801561-arystagy-zarylys-mydagan-jdi-satyry-men-terezesine-zakym-keldi/

pixel